Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден Гаага сотының Израиль премьерін тұтқындау туралы шешімін айыптады

Жарияланған күні:

Джо Байден
Джо Байден сөз сөйлеп тұр: Getty Images / Michael M. Santiago

АҚШ президенті Джо Байден Халықаралық қылмыстық соттың Израиль премьер-министрі мен бұрынғы қорғаныс министрін ұстауға ордер бергенін айыптады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Сириялық бүлікшілер Мұхаммед әл-Баширді уақытша премьер-министр қызметіне тағайындады

Байден Гаага сотының Израиль шенеуніктерге қатысты шешімін "шектен шыққандық" деп атады.

"ХҚС не ойласа да, Израиль мен ХАМАС-ты салыстыруға мүлде болмайды. Біз Израильді қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда үнемі қолдаймыз", - деп мәлімдеді Байден.

Еске салсақ, 21 қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен елдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты, сонымен бірге ХАМАС шенеунігі Мохаммед Диаб Ибрагим әл-Масриді ұстауға шешім шығарғаны мәлім болды.

Гаага соты оларды "әскери қылмыс жасады", "аштықты соғыс жүргізу амалы ретінде пайдаланды", "кісі өлтіру, қудалау секілді азамзатқа қарсы қылмыстар жасады" деп айыптады.

Израиль мен ХАМАС тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Израиль ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Гаага сотының шешімін "антисемитизм" деп сипаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2191047-baiden-gaaga-sotynyng-izrail-premerin-ustau-turaly-sheshimin-aiyptady/