jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

"Тыңшы болған": Ресей тағы бір британ дипломатын елден шығарып жатыр

Ұлыбритания туы
Ұлыбритания туы. Фото: Matthias Kulka / Getty Images

Мәскеудегі елшілікте істейтін британ дипломатынан жалған мәлімет бергені үшін Ресей аумағынан кету талап етілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қауіпсіздік қызметі оны "алты британ тыңшысының бірінің қызметіне орналасқан" деп айыптады.

Ұлыбританияның Мәскеудегі елшілігінің қызметкері Уилкс Эдвард Прайор Ресей аумағына кірген уақытта жалған мәлімет тапсырғаны үшін аккредитациядан айырылды, оның елден кетуіне екі апта уақыт берілді, деп хабарлады Ресей ФҚҚ өкілдері.

Арнайы қызмет мәліметінше, елшіліктің саясат бөлімінің екінші хатшысы Прайор биыл тамызда Ресейден шығарылған "алты британ тыңшысының бірінің қызметін атқарған".

әДипломат Ресей аумағына кірген уақытта әдейі жалған мәлімет берген, оның тыңшылық әрекеті әшкереленді", - деп мәлімде федералдық қызмет өкілдері.

Ал Ұлыбритания елшісі Найджел Кейси Ресей сыртқы істер министрлігіне шақыртылды. Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова "РИА Новости" агенттігіне хабарлаған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйекте ФҚҚ Мәскеудегі британ елшілігінің алты қызметкері аккредитациядан айрылғанын мәлімдеп, оларды "тыңшы" деп айыптады. Арнайы қызмет мәліметінше, елшіліктің Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі директораты Украинадағы соғыс басталған уақытта "арнайы қызметке айналған".

Ұлыбритания СІМ мұндай айыптауды жоққа шығарып, оны "негізсіз айыптау" деп атаған.

"Тыңшы болған": Ресей тағы бір британ дипломатын елден шығарып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.