Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден мен Трамп билікті тапсыру жөніндегі келісімге қол қойды

Жарияланған күні:

Трамп пен Байден
Трамп пен Байден Ақ үйде. Фото: Alex Wong / Getty Images

Дональд Трамп тобы АҚШ федералдық үкіметін бақылауға алуды білдіретін келісімшартқа қол қойылғанын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ақ үй аппаратының жаңа басшысы Сьюзи Уайлстың мәлімдеуінше, енді Трамп командасы өз адамдарын түрлі департамент пен агенттікке жіберіп, барлық іс пен құжатты қабылдап ала бастайды.

"Жаңа үкімет құрамын жасақтау ісін аяқтаған соң президент болып сайланған Трамп әкімшілігімен көшуге кіріседі", - деп мәлімдеді Уайлс.

Алайда, басылым мәліметінше, Байден әкімшілігімен жасалған келісім билік тапсырған уақытта қабылдаған әдеттегі меморандумның шағын нұсқасы болса керек. Атап айтқанда, құжаттың Ақ үйдің жаңа әкімшілігін қаржыландыру мәселесіне де әсер етеді.

Уайлстың мәлімдеуінше, Трамп командасы демеушілерінің бәрінің аты-жөнін атауды, шетелден бір тиын алмауды міндетіне алып отыр. Бұған қоса, Уайлс мемлекет ақшасын жаратпайтынын, оның бүкіл жұмысы жеке көздерден қаржыландырыланытын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, қарашаның басында АҚШ президентін сайлау өтіп, Длнальд Трамп жеңіске жетті. Ол 2017-2021 жылдар аралығында мемлекет басқарған.

Құрама Штаттар президентін ұлықтау салтанаты 2025 жылы 20 қазанда Вашингтондағы Капитолий ғимараты алдында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2193035-baiden-men-tramp-bilikti-tapsyru-zhonindegi-kelisimge-qol-qoidy/