jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Илон Маск жұмыстан шығарғысы келетін адамдардың аты-жөнін атады

Илон Маск пен Дональд Трамп
Илон Маск пен Дональд Трамп. Фото: Brandon Bell/Getty Images

Президент болып сайланған Дональд Трамп миллиардер Илон Маск пен Вивек Рамасвами федералды үкіметті қысқарту жөнінде ұсыныс жасайды деп мәлімдеген. Енді мемлекеттік қызметкерлер әлемнің ең бай адамы мен оны жақтаушылардың сынына ұшыраудан қорқып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өткен аптада Маск Х әлеуметтік желісінде үкіметте климатқа қатысы бар қызметтер атқарып жүрген төрт адамның аты-жөні бар жазбаны қайта бөлісті. Олардың әрқайсын ондаған миллион адам көріп, сын айтушылар көп болды. Кем дегенде бір қызметкер әйел әлеуметтік желідегі аккаунтын өшіргені мәлім.

Федералдық қызметкерлердің бірнешеуі CNN-ге өз өмірі үшін қауіптенетінін айтқан.

"Мұндай тактика федералдық қызметкерлерді қорқытып-үркітуді көздейді", - дейді Америка мемлекеттік қызметкерлер федерациясының президенті Эверетт Келли.

Өткен аптада Маск Х әлеуметтік желісіндегі мәліметтерді бөліскен уақытта "Жалған жұмыс орындары қаптап кетіпті" деп жазды. Оның бұл пікірін 33 миллионнан аса аккаунт көріп, миллиардерден мұндай тиімсіз қызметтерді қысқартуды сұраған.

Маск бұған дейін де осындай әдіске жүгінген, сол кезде оның мұндай әрекеті адамдардың өміріне қауіп төндірген, деп жазды CNN.

Миллиардерге қарасты Х әлеуметтік желісі телеарна сауалдарына жауап бермеген.

Ал Вивек Рамасвами болса CNN-ге "Біздің қарсыласымыз – нақты бір адам емес. Біздің қарсыласымыз - бюрократия" деп жауап берген.

Илон Маск жұмыстан шығарғысы келетін адамдардың аты-жөнін атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.