Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕО-ға кіру туралы келіссөздер тоқтатылғаннан кейін Грузияда наразылық қайта күшейді (видео)

Жарияланған күні:

Тблисидегі парламент алды
Грузиядағы митинг. Фото: Vano Shlamov/AFP/ Getty Images

Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе 2028 жылға дейін Еуропалық Одаққа қосылу туралы келіссөздердің тоқтатылатынын мәлімдеген соң Тбилиси мен Грузияның басқа қалаларында наразылықтар толқыны басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

DW грузин ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, наразылық білдірушілердің Тбилисидегі парламент ғимаратының алдына жиналғанын жазды. Олар парламенттің темір қоршауын сілкіп, үкіметке қарсы ұрандар айтты.

Көп ұзамай биліктегі "Грузин арманы" партиясымен ашық қақтығысқа түскен Грузия президенті Саломе Зурабишвили парламент ғимаратының алдында наразылық танытқандарға қосылды.

Кейін оқиға орнына арнайы жасақ жеткен. РБК мәліметінше, грузин полициясы Тбилисидегі наразылық шеруінде су атқыштар мен бұрыш спрейін қолданған. Шерушілер мен полиция арасында қақтығыс басталып, кемінде Грузия ішкі істер министрлігінің үш қызметкері мен бірнеше журналист жарақат алды.

Полиция шерушілерді шара қолданбас бұрын митинг алаңынан өз еркімен кетуге шақырды, бірақ наразы топ полицияға әртүрлі заттар лақтырып, қарсылық көрсетті.

Грузияның ішкі істер министрлігі өкілдері Тбилисидегі шеру заң аясынан шығып кеткендіктен, қатаң шаралар қабылдағынын мәлімдеді.

"Бірлік – Ұлттық қозғалыс" пен "Мықты Грузия" оппозициялық партияларының жетекшілері өз кезегінде тәртіп сақшыларының араласуына қарамастан наразылық шараларын жалғастыратынын хабарлады. Олар бірлескен үйлестіру штабын құрып, 29 қарашадан бастап азаматтарды наразылық акциясының қалай жалғасатыны туралы хабардар етуге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2194118-eo-ga-kiru-turaly-kelissozder-toqtatylgannan-keiin-gruziiada-narazylyq-qaita-kusheidi-video/