jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Джо Байден уәдесіне қарамастан ұлына рақымшылық жасады

Хантер Байден
АҚШ президентінің ұлы Хантер Байден. Фото: Mark Makela/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден қару-жараққа қатысты заңбұзушылық, салықтан жалтару баптарымен айыпталған ұлы Хантер Байденге ресми түрде рақымшылық жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жексенбі, желтоқсанның бірі күні Джо Байден ұлына рақымшылық жасау туралы бұйрыққа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл шешімді келесі айдан бастап Ақ үйді басқаратын Дональд Трамп қайтара алмайды.

Байденнің бұл әрекеті оның сайлау алдында бірнеше рет берген уәделеріне қайшы келеді. Президент пен оның Ақ үйдегі жоғарғы өкілі бұған дейін ұлына кешірім жасамайтынын және қандай жағдай болмасын сот әділдігіне араласпайтынын мәлімдеген болатын.

"Рақымшылық жасау Хантер Байденнің жасаған қылмысы үшін сотталмайтынын білдіреді және оның түрмеге қамалу мүмкіндігін жояды. Енді Хантер Байденге қатысты сот процестері, оның ішінде 12 желтоқсанға жоспарланған қару-жарақ ісі және 16 желтоқсанда қаралуға тиіс салық ісі тоқтатылуы мүмкін", - деп түсіндіреді материал авторлары.

Байден өз шешімін ұлының "әділетсіз түрде жауапқа тартылғанын" және "Хантерге ұқсас қылмыс жасаған адамдарға қарағанда басқаша көзқарас" болғанын айтып түсіндірді. Президент оның Конгресстегі саяси қарсыластары әдейі сайлау алды науқанына қарсы шығып, жалған айып таққанын хабарлады.

"Америкалықтар әке мен президенттің неліктен мұндай шешім қабылдағанын түсінеді деп үміттенемін", - деді Байден өз мәлімдемесінде.

Джо Байден уәдесіне қарамастан ұлына рақымшылық жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.