Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германия канцлері соғыс басталғалы алғаш рет Украинаға келді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Олаф Шольц пен Владимир Зеленский
Олаф Шольц пен Владимир Зеленский. Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Германия канцлері Олаф Шольц Украинада соғыс басталғалы алғаш рет Киевке келді. Ол украин басшысымен бірге әскери госпитальға барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Олаф Шольц Украинаға түнде пойызбен жеткенін Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Германия Украинаның Еуропадағы ең мықты жақтасы. Президент Зеленскиймен кездескен уақытта шамамен 650 млн еуроға жаңа қорғаныс құрал-жабдықтарын жеткізетінімді жарияладым. Қару-жарақ желтоқсанда жетеді", - дейді канцлер.

Шольц пен Зеленский Киевтегі әскери госпитальда болып, ем қабылдап жатқан жауынгерлердің халін сұрады.

"Мен осы кездесулерді ешқашан ұмытпаймын. Жастар бірнеше айдан бері емделіп жатыр... Біреуінің көзі көрмейді – дәрігерлер науқастың тым болмаса адам сұлбасын ажырата алатындай ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Тағы біреуіне бірнеше мәрте ота жасалған, бірақ ол бәрін ұмытып қалған", - дейді Шольц.

Саясаткерлердің әскери госпитальға барғаны туралы мәлімет Украина президентінің Instagram желісіндегі ресми парағында да жарияланды.

Германия мен Украина басшылары үш жылға созылған соғыс құрбандарын еске алып, қару-жарақ дайындаушылармен де кездесті.

Олаф Шольцтың Киевке сапары кезінде Германия Украинаға IRIS-T әуе қорғанысы жүйесін, Leopard танкілерін, сонымен бірге әскери дрондар беретіні мәлім болды. Бұл туралы осы елдің қорғаныс министрінің өкілі мәлімдеді.

"Қыс жақындап қалды. Сол себепті жылы әскери киім, сонымен бірге қолда ұстайтын қару, жылу беретін құрылғы жеткіземіз", - дейді министрлік өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2195244-germaniia-kantsleri-sogys-bastalgaly-algash-ret-ukrainaga-keldi-foto-video/