Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киев 502 украин жауынгерінің сүйегі қайтарылғанын хабарлады

Жарияланған күні:

Қабір қазып жатқан адам
Зират. Фото: John Moore / Getty Images

Украина 502 жауынгердің сүйегін қайтарып алды. Әскери тұтқындар мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесі осындай мәлімдеме таратқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Германия канцлері соғыс басталғалы алғаш рет Украинаға келді (фото, видео)

"Сараптама мекемелерімен бірлесе отырып, қаза тапқандардың кім екені тез арада анықтаймыз", - деп мәлімдеді штабтағылар.

Киев осы іске көмектескені үшін Халықаралық Қызыл крест ұйымына алғыс айтты.

Ресей Украинаға 52 жауынгердің сүйегін тапсырған. Мәліметті Ресей думасының депутаты, әскери операция мәселелері жөніндегі парламенттік үйлестіру тобының өкілі Шамсаил Саралиев РБК сайтына растаған. Жауынгерлер сүйегін алмастыру жұмыстарын Ресей қорғаныс министрлігі атқарған.

Екі ел соңғы рет 8 қарашада мәйіт алмастырған. Сол кезде Украина 563, Ресей 37 жауынгердің сүйегін алғаны хабарланған.

Соғыс кезінде жауласушы тараптар таратқан ресми мәлімет сәйкес келмей жатады. Әскери ұрыс кезіндегі шығындарға қатысты мәліметтерді соғыс жағдайында тексеру қиын.

29 қарашада BBC-дің орыс қызметі Украна мен Ресей арасындағы соғыста қаза тапқан 80 976 ресейлік жауынгердің аты-жөні анықталғанын хабарлады. Басылым дерегінше, олардың жартысынан астамы соғыс басталғанға дейін армияға еш қатысы болмаған.

"Ерікті жауынерлер арасында шығын көбейді. Олардың көбісі майданға түскеннен кейін екі-төрт апта ішінде қаза табады", - деп жазды телеарна.

2022 жылғы ақпанда басталған соғыста нақты қанша адам қаза тапқанын ешкім білмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2194434-kiev-502-ukrain-zhauyngerining-suiegi-qaitarylganyn-habarlady/