Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

9 млрд доллар не өлім жазасы: Вьетнамда ең бай әйелдердің бірі апелляциялық сотта жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Кәсіпкер Чыонг Ми Лан
Чыонг Ми Лан: Getty Images

Вьетнамдық кәсіпкер Чыонг Ми Лан алаяқтық әрекетке қатысты істе апелляциялық сотта жеңіліп, өлім жазасына кесілді. Ең қатал жазадан құтылу үшін ол 9 млрд доллар төлеуге тиіс. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

68 жастағы Чыонг Ми Лан биыл сәуірде өлім жазасына кесілген. Сот мәліметінше, кәсіпкер 2011-2022 жылдар аралығында Saigon Commercial Bank қаржы мекемесінен 304 триллион донг (шамамен 12,5 млрд доллар) несие алған. Бұл – Вьетнам ішкі жалпы өнімінің шамамен 3 пайызы. Алайда сот оның әрекетінен 27 млрд доллар шығын келді деп есептейді.

Жергілікті заңдарға сәйкес, экономикалық қылмысы үшін өлім жазасына кесілген адам ұрланған ақшаның 75 пайызын қайтарса, оның өмірін сақтап қалады. Апелляциялық сотта айыпталушы өлім жазасын өмірлік түрме жазасына ауыстыруды сұраған.

Сотталушының адвокаттарының айтуынша, ол тірі тұрғанда қажетті ақшаны жинай алады. Бірақ ол үшін Чыонг Ми Ланға 9 млрд доллар табуға тиіс.

"Оның активтерінің жалпы құны сот талап еткен сомадан артық. Алайда оларды сатуға көп күш және уақыт жұмсау қажет. Жылжымайтын мүліктердің көбі бірден сатыла салмайды", - дейді адвокат BBC телеарнасына.

Қорғаушылар уәжіне қарамастан, сот Чыонг Ми Лан үкімін өзгертпеді. Енді ол президенттен рақымшылық сұрауы мүмкін.

Ең жоғары жазаны қашан орындайтыны әзірге белгісіз. Себебі Вьетнам өлім жазасын мемлекет құпиясына жатқызып, ол туралы мәлімет таратпайды. Әдетте үкім шығып, жаза орындалғанша бірнеше жыл өтеді.

Қылмыстық іс бойынша тағы 85 адамға айып тағылған. Олардың арасында Чыог Ми Ланның күйеуі мен жақын туыстары да бар. Бәрі кінәлі деп танылып, үш жылдан 20 жылға дейінгі аралықта сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2195592-9-mlrd-dollar-ne-olim-zhazasy-vetnamda-eng-bai-aielderding-biri-apelliialyq-sotta-zhengilip-qaldy/