Оңтүстік Кореяда оппозиция өкілдері президент Юнды "сатқындық жасады" деп айыптамақ
Жарияланған күні:
Оңтүстік Кореяда билікке бәсекелес Демократиялық партия өкілдері енді президент Юн Сок Ёльді, елдің қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің басшыларын "сатқындық жасады" деп айыптауды көздеп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Тобуро" демократиялық партиясының төрағасы Ли Чжэ Мённың мәлімдеуінше, елде әскери режимнің жариялануы КХДР-ды "дүрліктіріп", оның арты Корей түбегінде қарулы қақтығысқа әкеп соқтыруы мүмкін.
"Осы жағдай Солтүстік Кореяны дүрліктіріп, шекарадағы жағдай ушығып, түбі қарулы қақтығысқа ұласуы ғажап емес", - деп мәлімдеген саясаткер.
Бұған дейін оппозициялық партия президент тез арада қызметтен кетсе, оған қарсы импичмент жариялайтынын мәлімдеген. Оппозициядағы депутаттар мемлекет басшысының елде әскери режим жариялауын "бүлік" деп атаған.
Юн Сок Ёльдің саяси мансабы қыл үстінде тұрғандықтан, оның партияластары да президентке қысым көрсете бастады.
Екі жыл бұрын Юнды президенттікке ұсынған "Халық билігі" партиясы бүкіл үкіметтің отставкаға кетуін, қорғаныс министрі Ким Ён Хённың қызметтен алынуын талап ету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады. Агенттік мәліметінше, билік басындағы партия Юнның да қызметтен кетуін талап ету мәселесін талқылап жатыр.
Халық билігі партиясының жетекшісі Хан Дон Хуан президенттен әскери режимге қатысты даулы шешімін түсіндіруді сұраған. Сәрсенбі күні таңертең президент аппаратының жетекшісі мен тағы бірнеше лауазымды тұлға қызметтен өз еркімен кеткені мәлім болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2195912-oppozitsiia-prezident-iundy-satqyndyq-zhasady-dep-aiyptamaq/