jitsu gif branding logo appbranding logo app

Сириялық көтерісшілер Дамаск астанасын басып алып, жеңісін жариялады

Сирия мемлекетінің туы
Сирия мемлекетінің туы. Фото: Joel Carillet/ Getty images

Сирияның қарулы оппозициясы ел астанасы Дамаск қаласын басып алғанын және президент Башар Асадтың елден қашқанын мәлімдеді. Бұл туралы Аljazeera басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сириялық оппозиция күштері мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқанын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.

"Сирия, еркін және мақтан тұтар ел жасасын! Сектасына қарамастан барлық сириялық үшін!" – деп мәлімдеді көтерілісшілер.

Командир Хаят Тахрир аш-Шам Әбу Мұхаммед әл-Жулани барлық мемлекеттік мекемелер ресми түрде тапсырылғанша премьер-министр Мұхаммед Ғази әл-Жалали бақылауында болатынын айтты. Ол мәлімдемесінде оппозиция 8 желтоқсанды "жаңа дәуірдің бастамасы" деп атап, "жаңа Сирия" барлық сириялықтардың "бейбіт мекеніне" айналатынын жеткізді.

Бұл мәлімдеме оппозициялық топтардың жылдам шабуылмен бірнеше қаланы басып алғаннан кейін жасалды. Мұхаммед Ғази әл-Жалали халық сайлаған кез келген үкіметпен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.