jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Башар Асад отбасымен бірге Мәскеуге барды

Башар Асад
Башар Асад. Фото: instagram.com/syrianpresidency

Сирияның бұрғынғы басшысы Башар Асад отбасымен бірге Мәскеуге ұшып барды. Ресей билігі оған саяси баспана берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Агенттік мәліметті Кремльдегі дереккөзіне сүйене отырып таратқан. Кейін мәліметті Ресейдің тағы бір мемлекеттік агенттігі – РИА Новости растады.

"Сирия президенті Асад отбасымен бірге Мәскеуге келді. Ресей оған баспана берді", - деген агенттік дереккөзі.

Артынша Асадтың саяси баспана алғанын Венада Ресейдің халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Михаил Ульянов та растады.

"Башар Асад пен оның отбасы Мәскеуде. Ресей өзінің достарын қиын жағдайда сатпайды", - деп жазды ол өзінің Telegram-арнасына.

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанда қарулы бүлікшілер тобы Дамаск қаласына кірді. Күндіз Башар Асад президент қызметінен бас тартып, астанадан қашқаны мәлім болды. Кейін түрлі дереккөздер Асад әуе апатында қаза тапқан болуы мүмкін екені туралы мәлімет тарады.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

Сирияның экс-президенті 59 жаста. Ол елді 2000 жылдан бері басқарып келді. Оның алдында Сирияны оның әкесі Хафез Асад басқарған.

Он жылға жуық уақыт тыныштықтан соң Сирия қарулы бүлікшілері биыл қайта бас көтеріп, аз уақыттың ішінде елдің ірі қалаларын басып алып, астанаға кірген. Оппозицияны Хаят Тахрир аш-Шам әл-Жулани басқарады.

БАҚ: Башар Асад отбасымен бірге Мәскеуге барды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.