jitsu gif

АҚШ Сириядағы "Ислам мемлекеті" қосынына әуеден 75 соққы жасады

АҚШ әскери ұшағы
АҚШ әскери ұшағы. Көрнекі сурет: Nick Ut / Getty Images

АҚШ орталық қолбасшылығы Сирияның орталығында "Ислам мемлекеті" содырлары мен қосындарын әуеден атқылағанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Америкалық шенеунік телеарнаға жексенбідегі әуе соққылары туралы қосымша мәлімет берген. "Ислам мемлекеті" содырлары мен қосындарына қарсы бағытталған соққылар B-52, F-15 және A-10 әскери ұшақтарымен жасалды, деп хабарлаған шенеунік.

"Соққылар "Ислам мемлекеті" Сирияда қалыптасқан жағдайды пайдаланып, орталық Сирияға билік орнатпас үшін жасалды. Шабуылдардан бейбіт халық зардап шекпеді.

Сириядағы ұйымдардың бәрі "ИШИМ"-мен байланыс орнатса, соны қолдаған жағдайда жауапқа тартылатынын білсін", - деп мәлімдеді орталық қолбасшылық басшысы генерал Эрик Курилла.

АҚШ президенті Джо Байден де жексенбі күні Құрама Штаттар Сирияда "Ислам мемлекетімен" күрес операциясын жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанға қараған түні қарулы бүлікшілер Сирия астанасына кіріп, күндіз Башар Асад президент қызметінен кеткені мәлім болды. Бірқатар БАҚ Сирия экс-президенті Ресейден саяси баспана алғанын жазды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.