Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әділет орнады": Байден Сирияда Асад жүйесінің құлауына қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Saul Loeb / AFP / Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Сирияда Башар Асад жүйесінің құлауын "әділетті" деп бағалады. Оның айтуынша, биліктің ауысуы сириялықтарға тарихи мүмкіндік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Telegraph: Дәрігерлер лейкемияға шалдыққан Асма Асадты оқшаулады

Башар Асар президент қызметінен бас тартып, отбасымен бірге Мәскеуге ұшып келгені туралы мәлімет тарағанынан бірнеше сағат өткеннен кейін АҚШ басшысы Ақ үйде мәлімдеме жасады.

"Асад жүйесі ақыры құлады. Бұл жүйе жүздеген мың бейкүнә сириялықты қанады, өлтірді. Жүйенің құлауы әділет орнағанын білдіреді. Дәл осы сәт әбден қиналған Сирия халқына жарқын болашағы бар ел құруға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Байден.

Оның айтуынша, қазір билік ауысқан елде "қауіп пен үміт" астасып жатыр, себебі бәрі әрі қарай не болатынын түсінуге тырысады.

"АҚШ біздің әріптестерімізбен жұмыс істеп, осындай қауіптерді басқаруға көмектеседі", - деп мәлімдеді Джо Байден.

Байден Асад жүйесі құлағаннан кейін АҚШ-тың не істемек ойы бар екенін де ашып айтты. Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, осынау ауыспалы кезеңде Сирия тарапынан қандай да бір қауіп туа қалған жағдайда, Құрама Штаттар "Сирияның Иордания, Ливан, Ирак және Израиль секілді көршілеріне де" қолдау көрсетпек, бұған қоса Сирияның шығысында тұрақтылықты қамтамасыз ете береді.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні АҚШ орталық қолбасшылығы Сирияның орталығында "Ислам мемлекеті" содырлары мен қосындарын әуеден 75 мәрте атқылады.

8 желтоқсанға қараған түні қарулы оппозиция Дамаскіге кіріп, күндіз Башар Асад биліктен кетті. Артынша Сирия экс-президентінің Ресейден саяси баспана алғаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2197863-adilet-ornady-baiden-siriiada-asad-zhuiesining-qulauyna-qatysty-malimdeme-zhasady/