jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Сирияның Мәскеудегі елшілігіне оппозиция туы тігілді

Сирияның Мәскеудегі елшілігі
Сирияның Мәскеудегі елшілігі. Көрнекі сурет: rian.ru

Сирияның Ресей астанасындағы елшілігінде Сирия Араб Республикасының туы оппозиция билікке келген соң алып тасталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, дүйсенбі күні Сирияның Мәскеудегі елшілігі ғимаратында сириялық оппозиция туы көтерілді. Елшіліктегі бұрынғы ту жексенбі, 8 желтоқсанда, Сирияда қарулы оппозиция Башар Асар билігін тайдырған уақытта алынған.

Ресей ұзақ жылдар бойы Асад билігіне әскери қолдау көрсетіп келді. Алайда Кремль Украина бағытында соғыс жүргізіп жатқандықтан, Сирия үкімет армиясының күші қарулы бүлікшілерге айтарлықтай тойтарыс бере алмады. Сириялық оппозия екі аптаның ішінде Башар Асадты биліктен тайдырды.

8 желтоқсанда Башар Асад президент қызметінен бас тартып, Мәскеуге ұшып барғаны мәлім болды. Ресей оған саяси баспана берді.

59 жастағы Башар Асад Сирияны 2000 жылдан бері басқарып келді. Ол билікті әкесі Хафез Асадтан алған. Асад әулетінің Дамаскідегі зәулім сарайы қаңырап бос қалды. Оның ішіндегі құнды заттардың бәрін адамдар тонап кетті.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды
Сирияның Мәскеудегі елшілігіне оппозиция туы тігілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.