jitsu gif branding logo appbranding logo app

Құны 3 млн доллардың Ferrari көлігі, Rolls Royce және Bentley: қарулы бүлікшілер Башар Асад гаражын басып алды (видео)

Ferrari F50
Ferrari F50 автокөлігі. Фото: Manuel Goria/Sutton Images

Сирияның биліктен тайдырылған президенті Башар Асадтың Дамаскідегі сарайына жақын маңдағы гаражында түсірілген видеолар желіде тарады. Мұнда аса қымбат тұратын қырық шақты автомобиль бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сирия астанасының батысындағы Әл-Маззех ауданының солтүстігінде орналасқан гаражда қызыл түсті Ferrari F50 автокөлігі де бар. Оның нарықтағы құны – 3 млн доллар. Бұдан бөлек, мұнда Rolls Royce және Bentley көліктері бар.

Автомобильдердің бірінде Дамаск нөмірі тағылған. Қымбат автокөліктерді желіде тараған бірнеше видеодан көруге болады.

Осының алдында Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың Дамаскідегі зәулім сарайы қалай тоналғаны туралы видеолар тараған.

Қарулы оппозиция екі аптадан аз уақыттың ішінде астанаға кіріп үлгергендіктен, Башар Асад бар мүлкін тастап, Мәскеуге қашуға мәжбүр болды. Ресей оған саяси баспана берді.

Құны 3 млн доллардың Ferrari көлігі, Rolls Royce және Bentley: қарулы бүлікшілер Башар Асад гаражын басып алды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.