jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Лукашенко Беларусьте ядролық қару бар екенін растады

Александр Лукашенко
Александр Лукашенко. Фото: Contributor / Getty Images

Александр Лукашенко БелТА мемлекеттік агенттігіне берген сұқбатында Беларусьте ядролық қару бар екенін растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "БелТА" агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Лукашенконың айтуынша, Беларуське ядролық оқтұмсықтар әкелінген.

"Мен осында ядролық оқтұмсықтар алып келдім. Он ғана емес, одан көп. Адамдар оны әзілге балап, ешкім ештеңе әкелген жоқ деп тұр. Әкелдік. Ал оны әзілге балап жүргендердің өздері көз жазып қалған. Олар біздің (ядролық қаруды – ред. ескертпесі) қалай әкелгенімізді де сезбей қалды", - деп мәлімдеді ол.

Лукашенко ядролық қару емес, бірақ өте қуатты ресейлік "Орешник" зымыран кешенін де Беларусьқа орналастыру жоспары туралы сауалға жауап берді.

"Ядролық қару қолданудың жауапкершілігі көп. Хиросимо, Нагасакиден кейін (1945 жылы АҚШ Жапонияның екі қаласына ядролық бомба тастаған – ред. ескертпесі) ешкім ядролық қару тетігін басқан жоқ. Беларусьті былай қойғанда, алпауыт мемлекеттердің өзінің батылы бармады. Бірақ мен жауларымның, достарым мен қарсыластарымның бәріне ескерттім: сендер мемлекеттік шекарадан аттайтын болсаңдар, бірден қарымта жауапқа тап боласыңдар. Мен оның ядролық не басқа қару екеніне қарап жатпаймын", - дейді Лукашенко.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Беларусь басшысы ядролық қарудың қысқаша сипаттамасын айтып берді.

"Біз ресейліктермен олар бізге ядролық қаруды қайтарғанға дейін шарттасқанбыз. Біз оларға стратегиялық қару бергенбіз. Ал мынау тактикалық ядролық қару. Соның өзінде әлгі "Орешниктен" бес есе қуатты болса керек", - деп сипаттады Беларусь басшысы.

Лукашенко Беларусьте ядролық қару бар екенін растады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.