Эстония жаңа зымыранын Украинадағы соғыста сынап көрмек
Опубликовано:

Эстонияның Frankenburg Technologies қорғаныс компаниясы жаңа зенитті зымарандарын Украинада сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Компанияның бас директоры Кусти Салм жергілікті err.ee сайтына сұқбат беріп, жаңа технологиясы туралы баяндаған. Салм бұған дейін Эстония қорғаныс министрінің көмекшісі қызметін атқарған.
Компания басшысының айтуынша, жаңа зенитті зымырандар Украинада 2025 жылы сынақтан өтеді. Сынақ туралы келісімшарт жасалды, деп хабарлады компания. Әзірге жаңа қарудың техникалық сипаттамасы жарияланбай отыр.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі Frankenburg Technologies эстон компаниясын Еуропада қорғаныс саласындағы жоғары технологиялар жасаумен шұғылданатын ең ірі төрт сраптаптың бірі деп атаған.
Frankenburg сайтындағы мәліметке қарағанда, компания жасанды интеллект көмегімен зымыранды басқару жүйесін дайындаумен де айналысатыны айтылған. Компания Эстония, Латвия және Украинада жұмыс істейді.
- Трамп инаугурациясына дейін Украинаға АҚШ-тан 20 млрд доллар мен әскери көмек берілмек
- Украина делегациясы алғаш рет Трамп командасымен келіссөз жүргізді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2197173-estoniia-zhanga-zymyranyn-ukrainadagy-sogysta-synap-kormek/