jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Сирияда Башар Асадтың әкесінің кесенесі өртелді (видео)

Башар Асад
Башар Асад. Фото: instagram.com/syrianpresidency

Сирияда бүлікшілер биліктен тайдырылған президент Башар Асадтың әкесінің кесенесін бүлдіріп, қабірін өртеп жіберді. Интернетте видео мен сурет тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ DW басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, қарулы бүлікшілер тастан қаланған үлкен кесенеге Сирия оппозициясының туын алып кірді. Олар ғимараттағы әйнектерді сындырып, Хафез Асад моласына от қойды. Ішінде тұрған табытты далаға алып шығып, оны да өртеп жіберді.

Кеңсесі Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтары жөніндегі обсерваториясы (SOHR) мәліметті растады, деп хабарлайды Euronews.

БАҚ мәліметінше, Башар Асадтың әкесі Хафез Асад 1930 жылы Жерорта теңізі жағалауындағы Латакия қаласы маңындағы Кардаха ауылында туған. Хафез Асад елді отыз жыл бойы әскер күшімен ұстаған. Ол билікке 1970 жылы төңкеріс нәтижесінде келген. 2000 жылға дейін ел басқарған. Хафез Асад билігі кезінде саяси бақталастарын қудалаған.

2000 жылы Хафез Асадты арнайы кесенеге жерлеген. Оның алдында осы кесенеге 1994 жылы жол апатынан қаза тапқан үлкен ұлы Басиль жерленген.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

Сирияда Башар Асадтың әкесінің кесенесі өртелді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.