jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+

Ресей Таганрогты ATACMS зымыранымен атқылады десе, АҚШ "Орешник" қаруы тағы қолданылуы мүмкін деп мәлімдеді

ATACMS ракетасы
ATACMS зымыраны: lockheedmartin.com

Ресей жақын күндері "Орешник" қрауын Украинаға қарсы қолдануы мүмкін, деп хабарлады Associated Press және Reuters агенттіктері. Бұл уақытта Ресей қорғаныс министрлігі Украина ATACMS зымырандарымен Таганрог әуежайын атқылады деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Халықаралық AP және Reuters агенттіктерінің сәрсенбі күні АҚШ үкіметіндегі дереккөздерге сүйене отырып хабарлауынша, Ресей жақын күндері "Орешник" қаруын Украинаға қарсы қолдануы мүмкін. АҚШ барлау қызметі осылай деп есептейді.

Дегенмен Reuters дереккөзі Ресейдің жаңа зымыран кешені майдандағы жағдайды түбегейлі өзгерте алмайды деп санайды.

"Біз "Орешник" ұрыс алаңындағы жағдайды түпкілікті өзгертеді деп ойламаймыз. Оны Ресейдің Украинаны террорлауының кезекті бір талпынысына жатқызамыз. Осы жолы да олардың әрекетінен түк шықпайды", - деген агенттіктің Вашингтондағы дереккөзі.

Associated Press агенттігі дереккөзінің айтуынша, Ресейдің қолында осындай зымыран кешені "бірнешеу ғана", оның оқтұмсықтары Ресей әскері Украинаны үнемі атқылап жүрген зымырандарға қарағанда әлсіз.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

10 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин "Орешник" секілді зымыран кешені жүйесі көп болған жағдайда ядролық қару қолдану қажет болмай қалады деп мәлімдеді.

Ресей алғаш рет "Орешник" баллистикалық зымыранын 21 қарашада Днепрге қарсы қолданған. Сол кезде Путин оны Украинаның америкалық ATACMS пен британдық Storm Shadow зымырандарымен Ресей аумағын атқылауына қарсы жауап деп атаған.

Сәрсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштері Ростов облысы Тагангрог қаласының әскери әуежайын алты ATACMS зымыранымен атқылады деп мәлімдеді. Осындай соққы жасалғанын Таганрог билігі сәрсенбі күні таңертең хабарлаған.

Украина тарапы әзірге Таганрогты зымыранмен атқылағаны туралы ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

Ресей Таганрогты ATACMS зымыранымен атқылады десе, АҚШ "Орешник" қаруы тағы қолданылуы мүмкін деп мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.