jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Әділ жолмен қарсы тұрамын": Оңтүстік Корея президенті бүлік жасады деген айыпты жоққа шығарды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёль
Юн Сок Ёль. Фото: Hannah McKay/Getty Images

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль бейсенбі күні жаңа үндеу жасап, өткен аптада әскери режим енгізгені дұрыс болғанын, бүлік жасады деген айыпты жоққа шығаратынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Президент Юн "ұлтты қорғау, мемлекет ісін қалпына келтіру үшін" үкімет жұмысын тұралатқан оппозицияға қарсы әскери режим жариялағанын, осы әрекетін дұрыс деп санайтынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қызметтен кетпейтінін, аяғына дейін күресетінін айтып, оппозицияны "импичментті өз мақсатына пайдаланды" деп айыптады.

"Маған импичмент жарияланса да, тергеуге алса да, мен оған әділ жолмен қарсы тұрамын", - деп мәлімдеген Юн. Президент сөздерін Yonhap агенттігі жариялады.

Оның алдында билік басындағы "Халық күші" партиясының жетекшісі Хан Дон Хун импичментті қолдайтынын мәлімдеген, алайда ол бұған дейін оппозиция әрекетіне қарсы болған.

Оппозиция өткен сенбіде билік басындағы партияның осындай ұстанымына байланысты президент Юнға қарсы импичмент жариялай алмай қалған.

"Біз адасуды доғаруымыз керек. Қазір біз үшін бір ғана дұрыс әдіс бар. Депутаттардың келесі отырысында біздің партия парламент залына кіріп, өз ар-ұжданы алдында әділ дауыс беруге тиіс", - деп мәлімдеді Хан Дон Хун.

Саясаткер импичментті қолдайсыз ба деген сауалға "иә" деп жауап беріп, басқа жол жоқ екенін айтқан.

Айта кетсек, Оңтүстік Корея президентіне елден кетуге тыйым салынған. Сәрсенбі күні полиция президент кеңсесін тінтуге талпыныс жасады, алайда оларды күзет кіргізбей қойды. Кейін президент кеңсесі шектеулі ғана құжат жинағын өз еркімен тапсырғаны мәлім болды.

"Әділ жолмен қарсы тұрамын": Оңтүстік Корея президенті бүлік жасады деген айыпты жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.