jitsu gif

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёль
Юн Сук Ёль: Hannah McKay/Getty Images

Оңтүстік Корея әділет министрлігі ел президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, президенттің үстінен "мемлекетке опысыздық жасау және басқа да айыптар" бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, оған шетелге шығуға тыйым салынған.

Шектеуді әділет министрлігі енгізген, ал осындай арызды елдің жемқорлықпен күрес жөніндегі басқармасы түсірген.

Естеріңізге сала кетейік, президент Юн Сок Ёль 3 желтоқсанда түнде Оңтүстік Кореяда әскери режим жариялап, елдегі оппозициялық күштерді айыптаған. Алайда мемлекет басшысы жарлығының күшін Ұлттық ассамблея бірнеше сағаттан кейін жойып, оппозициялық партия преззидентке қарсы импичмент жариялау әрекетіне көшті.

Ертесіне прокуратура әскери режим жариялануына байланысты қылмыстық іс қозғады. Бейсенбі күні полиция президентке қатысты тергеу жүргізе бастағанын жариялады. Жексенбі күні елдің қорғаныс министрі ұсталғаны мәлім болды.

Одан бір күн бұрын, сенбіде президентке импичмент мәселесі парламентте қаралып, билік басындағы партия оппозиция ұсынысының өтуіне кедергі жасады. Алайда билікке бәсекелес Демократиялық партия президентке қарсы импичмент жариялауды талап ететін тағы бір арыз түсіретінін мәлімдеді.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.