jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Өзбекстанда жекеменшік зообақ күзетшісіне арыстандар шабуыл жасады

Зообақтағы арыстандар
Арыстандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзбекстанда Ташкент облысындағы жекеменшік Lion Park хайуанаттар бағында үш арыстан құлпы ашық қалған тордан шығып, күзетшіге шабуыл жасаған. 44 жастағы қызметкер алған жарақаттарынан қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Газете.uz" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 17 желтоқсан күні таңғы сағат 5:00 шамасында Ташкент облысы Паркент ауданы "Файзиобод" махалласы аумағындағы жекеменшік Lion Park хайуанаттар бағында болған.

Үш африкалық арыстан тор есігінің ашық екенін пайдаланып, бостандыққа шыққан.

Арыстандарды қайта торға кіргізбек болған қызметкерге жыртқыштар шабуыл жасап, ауыр жарақат салған. Күзетші оқиға орнында көз жұмды.

Төтенше жағдайды зообақ қызметкерлері сағат 9:00-де анықтады. Ұйықтататын дәрілер көмегімен екі арыстан торға қайтарылды.

Сағат 10:00-де оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші тобы, аудан прокуроры, аудандық прокуратураның тергеушісі, облыстық табиғатты қорғау басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ полиция бөлімінің арнайы қарулы жасағы келді.

Сот-медициналық және ДНҚ сараптамалары тағайындалды.

Сонымен қатар зообақтағы барлық жыртқыш аңдардың торлары тексерілді.

Өзбекстанда жекеменшік зообақ күзетшісіне арыстандар шабуыл жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.