jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

АҚШ Қызыл теңіздегі әскери ұшағын абайсызда атып түсірді

FA18 әскери ұшағы
FA18 әскери ұшағы: Photo by Kyodo News via Getty Images

АҚШ Йемендегі хусит бүлікшілерін атқылау кезінде өзінің FA18 әскери ұшағын абайсызда атып түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RBC сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

АҚШ қарулы күштері орталық қолбасшылығының мәліметінше, Қызыл теңіздегі USS Gettysburg крейсері қателесіп кетіп, америкалық FA18 әскери джетін атып түсірген. Абырой болғанда, әскери ұшақтағы екі ұшқыш дер кезінде секіріп үлгерген, бірақ олардың біреуі жараланған.

АР агенттігі осы оқиғаны Йемендегі хусит бүлікшілеріне қарсы "Өркениет қалқаны" операциясы басталғалы бергі алғашқы ірі қателік деп атады. Құрама Штаттар бүлікшілерге қарсы әскери операцияны бір жыл бұрын бастаған.

Америкалық әскерилердің FA18 джетін не себепті жау ұшағымен шатастырып алғаны әзірге белгісіз. Осы оқиға Қызыл теңіздің кеме қозғалысына қауіпті аймақ екенін тағы көрсетті. АҚШ бастаған халықаралық коалиция әрекетіне қарамастан, хуситтер теңізде үнемі шабуыл жасап тұрады.

USS Harry S. Truman Қызыл теңізге 15 желтоқсанда жеткен. Содан бері АҚШ хуситтер орналасқан аймақтарды қайта-қайта атқылап жатыр.

21 желтоқсанда АҚШ орталық қолбасшылығы Йемен астанасы Санадағы зымыран қоймасы мен қолбасшылар бекетін атқылап, Қызыл теңізде бірнеше дрон мен қанатты зымыранды атып түсіргенін мәлімдеген.

АҚШ Қызыл теңіздегі әскери ұшағын абайсызда атып түсірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.