Грузия президенті билеуші партияға сес көрсетті
Жарияланған күні:

Зурабишвили тараптар жаңа сайлауға қатысты келісімге келмейтін болса, режимді құлататынын мәлімдеді. Бұл туралы Interpressnews порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Грузия президенті билеуші партия жаңа парламенттік сайлауды тағайындау туралы оппозициямен келіспесе, "Грузин арманын" құлатамыз деп қорқытқан бейнеүндеу жариялады.
"Егер ымыраға келіп, диалогқа қол жеткізу мүмкін болмаса, біз бұл режимді құлату арқылы сайлауға жетеміз. Басқа жол жоқ", - деп жазады жергілікті басылым Грузия президентінің мәлімдемесін.
Саломе Зурабишвили егер биліктегі "Грузин арманы" партиясы сайлау өткізуге келіспесе, қайталама парламент сайлауын ұйымдастыратын кеңес құрмақ ниетте. Сондай-ақ жақын арада сайлау өткізудің минималды шарттар ұсынатын құжат дайындалуда.
Басылымның хабарлауынша, Грузия басшысы қайта сайлау өткізу мерзімі туралы биліктегі партия басшылығының келісімін күтіп отыр.
Грузия президенті жаңа сайлауды талқылауға аз ғана уақыт қалғанын атап өтті, өйткені оның сөзінше, дағдарысқа бұдан былай шыдау мүмкін емес. Бұған қоса ол "Грузин арманының" құрметті төрағасын тағы да кездесуге шақырды.
"Грузин арманы" 29 желтоқсанға дейін, яғни Зурабишвилидің өкілеттігі аяқталғанға дейін сайлау күні туралы келісімге келуі керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2204000-gruziia-prezidenti-bileushi-partiiaga-ses-korsetti/