jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

ТАСС: Трамп Украинадан бас тартып, Латын Америкасына шүйлігуі мүмкін

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brandon Bell/Getty Images

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп билікке келген уақытта Украинадан бас тартып, Латын Америкасындағы елдерге шүйлігуі мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Агенттік "Ресей 2025-2045: жаңа геосаяси ақуалдың сыртқы көрінісі" деп аталатын баяндамада осындай болжам жасалғанын жазды. Зерттеуді Прогрессивті саясат қорының директоры Олег Бондаренко бастаған ұжым жариялаған.

"Украин жанжалына шешу мәселесіне келер болсақ, Трамп Ресеймен өзіне тиімді, Украинаны жерге қаратпайтындай келісімге келеді, не болмаса Украинаны Еуропаға ығыстыра салады", - деп есептейді зерттеу авторлары.

Баяндамада Трамп "Монро доктринасын" қайта жаңғыртуға күш салып, Батыс жартышардағы дос емес державаларды ығыстыруға күш салуы мүмкін деп болжаған. Зерттеу авторлары осындай елдердің бірі ретінде Венесуэланы атаған.

Осыдан екі ғасыр қабылданған Монро докринасы АҚШ-тың сыртқы саясаттағы қағидаларын айшықтайтын құжат. Басты қағидасы – Америка америкалықтар үшін.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

АҚШ пен Венесуэла қарым-қатынасы жақсы емес. 2013 жылы Уго Чавес қазасынан кейін билікке Николас Мадуро келген. Құрама Штаттар Мадуроны оппозицияны күшпен басты деп айыптап отыр. 2025 жылы Венесуэлада президент сайлауы өтуге тиіс.

Дональд Трамп биыл күзде президент сайлауында жеңіске жетті. Трамп инаугурациясы 2025 жылғы 20 қаңтарда Вашингтондағы Капитолий ғимараты алдында өтеді.

Президент сайлауы қарсаңында Дональд Трамп Украинадағы жанжалды шешуге уәде берген.

ТАСС: Трамп Украинадан бас тартып, Латын Америкасына шүйлігуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.