jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Опық жейді": Путин Қазанға жасалған шабуылды жауапсыз қалдырмайтынын ескертті

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Sefa Karacan / Anadolu via Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин жаулар Қазан қаласын дрондармен шабуылдағаны үшін "опық жейтінін" мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RBC сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Путин Татарстанда әуе нысандары мен автожол инфрақұрылымының ашылу салтанатына бейнебайланыс көмегімен қосылып, республика басшысы Рустам Миннихановқа былай деді:

"Кім де кім біздегі бір нәрсені жоюға талпынар болса, ол одан бетер соққыға тап болып, елімізде істеген ісіне опық жейді".

Осылай деп ескерткен Путин өңір билігіне шабуылдан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды.

Украина әзірге Қазан қаласына дрондармен жасалған шабуылдар туралы ешқандай мәлімет таратпады

21 желтоқсанда таңертең Қазан қаласына дрондар шабуылдады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қашықтан басқарылатын ұшақтар Татарстан астанасын жергілікті уақытпен таңғы сағат 7:40-тан бастап 9:20-ға дейін шабуылдаған.

Свежая публикация по теме:
Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

Қаладағы мектептердің бір бөлігі мен өндіріс кәсіпорындарындағы адамдар эвакуацияланған. Қазан әуежайы жұмысын уақытша тоқтатқан. Татарстанда 21-22 желтоқсанға жоспарланған көпшілік іс-шаралар кейінге шегерілген.

"Опық жейді": Путин Қазанға жасалған шабуылды жауапсыз қалдырмайтынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.