Бакуде Мемлекеттік алаңдағы ту түсірілді: Әзербайжан аза тұтып жатыр
Жарияланған күні:
Әзербайжан астанасында Мемлекеттік алаңдағы және басқа да ресми мекемелердегі ту түсірілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті apa.az сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бір күн бұрын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, отандық әуе компаниясына тиесілі ұшақ Маңғыстау аумағында апатқа ұшырауына байланысты, бейсенбі, 26 желтоқсанды аза тұту күні деп жариялау жөніндегі жарлыққа қол қойған.
Соған байланысты бүгін – Аза тұту күні. Әзербайжан астанасында Мемлекеттік алаң мен басқа да ресми орындардағы тулар түсірілді.
Елде театрлар мен концерт мекемелерінде мәдени көпшілік шаралар кейінге шегерілді. Бір күн бұрын Бакудегі мерекелік шыршаны жинап тастады.
Соңғы мәліметтер бойынша, Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатынан 38 адам қаза тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205168-bakude-memlekettik-alangdagy-tu-tusirildi-azerbaizhan-aza-tutyp-zhatyr/