Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Бакудегі елшілігінде көңіл айту кітабы қойылады

Жарияланған күні:

Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі
Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі. Фото: aza.az

Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі ғимаратында ұшақ апатына байланысты көңіл айту кітабы ашылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әзербайжандық aza.az сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Баку қаласы Рафиев көшесіндегі 14-үйде орналасқан қазақ елшілігінде жергілікті уақытпен сағат 11:00-17:00 аралығында көңіл айту кітабы қойылады.

Бұл туралы басылымға елшіліктегілер хабарлаған.

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, Бакудегі елшілік ғимаратына тігілген ту түсірілгенін айтты.

"Ақтаудағы ұшақ апаты туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі атынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтаймын. Жандары жәннәтта болсын! Зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілеймін.

Қазақстанның Бакудегі елшілігінде ту төмен түсірілді.

Қазақстан мен Әзербайжан бұл сынақтан бауырластық пен өзара көмек рухында өтетініне сенімдімін. Біз біргеміз...", - деп жазды елші.

Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы ұшақ апатынан кейін Әзербайжанда бүгін аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205260-qazaqstannyng-bakudegi-elshiliginde-kongil-aitu-kitaby-ashylady/