Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан кейін Израиль әуекомпаниясы Мәскеуге ұшуды тоқтатты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
Ұшақ. Фото: pixabay.com

Израильдік El Al әуе компаниясы "Ресей әуе кеңістігіндегі оқиғаларға" байланысты алдағы аптаға жоспарланған Тель-Авивтен Мәскеуге рейстерді тоқтатты. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тоқаев пен Путин Атыраудағы ұшақ апатына байланысты телефон арқылы сөйлесті

Әуекомпания мәлімдемесін израильдік БАҚ жариялады. Мәлімдемеде "Баку-Грозный" бағытындағы Әзербайжан әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағының Қазақстанда апатқа ұшырағанынан кейін осындай шешім қабылданғаны айтылған.

Себептердің бірі – Ресей аумағына Украина армиясының ұшқышсыз ұшақтарының шабуылдары. Осылайша, 26 желтоқсанда Мәскеудің Шереметьево, Домодедово, Внуково және Жуковский әуежайлары қауіпсіздік шараларына байланысты рейстерді уақытша қабылдамаған, ұшпаған. Әдетте ұшқышсыз соққылар қаупіне байланысты рейстерге шектеу қойылады. Біраз уақыттан кейін шектеу алынды.

Басылым мәліметінше, Ақтауда ұшақ апаты болған күні Ингушияның Малгобек қаласына дрон құлаған. Дәл сол күні Владикавказда ұшқышсыз ұшақты атып түсіргеннен кейін, оның сынықтары салдарынан "Алания Молл" сауда орталығында жарылыс болып, өрт болды. Бір адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оның ішінде 42 Әзербайжан, 15 Ресей, 6 Қазақстан және 3 Қырғызстан азаматы болған.

ІІМ қайғылы оқиға бойынша тергеуді бастады. Ақтау қаласының маңында АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұшақ апатының себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға үкімет өкілдерін жіберді.

26 желтоқсанда Әзербайжанда ұшақ апатына байланысты аза тұту күні деп жарияланды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысына көңіл айтты. Сондай-ақ борттағы жолаушылардың толық тізімі жарияланды.

Кейін Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапқаны белгілі болып, олардың тізімі жарияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқан.

Сонымен қатар тасымалдаушы компания қаза тапқандардың отбасына қандай өтемақы берілетінін мәлім етті.

Бұл ретте вице-министрі Қанат Бозымбаев тергеу аяқталмайынша, қандай да бір ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205774-aqtau-mangyndagy-ushaq-apatynan-keiin-izrail-aue-kompaniiasy-maskeuge-reisterdi-toqtatty/