Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжан Шешенстан билігінің ұшақ апатынан зардап шеккендерге ұсынған көмегінен бас тартты

Жарияланған күні:

Ұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұту
Қара тас. Фото: t.me/AzerbaijanAirlines

Әзербайжан Шешенстаннан қандай да бір көмек алуға мүдделі емес. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті Day.az сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым осындай мәліметті Әзербайжан президенті әкімшілігіндегі дереккөзге сүйене отырып таратқан.

Осының алдында Шешенстан билігі Ақтау әуежайы маңындағы әуе апатынан мерт болғандардың туыстары мен зардап шеккендерге қаржылай көмек ұсынған. Алайда Әзербайжан президенті әкімшілігі ұсыныстан бас тартып, Шешенстан көмегіне зәру емес екенін мәлімдеген.

"Әзербайжан ұшақты атып түсіру фактісін мойындап, кешірім сұрап, тиісті өтемақы төлеуді талап етіп отыр", - деп мәлімдеген президент әкімшілігіндегі дереккөз day.az сайтына.

Осының алдында әлемнің бірнеше ықпалды ақпарат құралы, Әзербайжан билігіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, AZAL әуе компаниясына тиесілі жолаушы ұшағын Ресей әуе қорғанысы жүйесі Грозный қаласы аспанында атқылады деп хабарлаған.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Қазақстан Көлік министрлігі ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, әуе апатынан 38 адам мерт болып, 29 жолаушы аман қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205992-azerbaizhan-sheshenstan-usyngan-ushaq-apatynan-zardap-shekkenderge-komekten-bas-tartty/