jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    AZAL Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты Ресейдің бірқатар қаласына рейстерді тоқтатты

    Ақтаудағы ұшақ апаты
    AZAL әуе компаниясының ұшағы. Фото: SOPA Images/Getty Images

    AZAL 28 желтоқсаннан бастап Ресейдің бірқатар қаласына рейстерді тоқтатады. Бұл туралы Sputnik Әзербайжан Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақпаратқа сәйкес, AZAL Минводы, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный және Махачкалаға рейстерді тоқтатады.

    Шешім Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауын алдын ала тергеу нәтижелері мен ұшу қауіпсіздігінде туындауы мүмкін тәуекелдерді ескере отырып қабылданды.

    Әуе компаниясы Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Астрахань, Қазан және Новосибирск қалаларына рейстерін жалғастырады.

    Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оның ішінде 42 Әзербайжан, 15 Ресей, 6 Қазақстан және 3 Қырғызстан азаматы болған.

    ІІМ қайғылы оқиға бойынша тергеуді бастады. Ақтау қаласының маңында АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұшақ апатының себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

    Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға үкімет өкілдерін жіберді.

    26 желтоқсанда Әзербайжанда ұшақ апатына байланысты аза тұту күні деп жарияланды.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысына көңіл айтты. Сондай-ақ борттағы жолаушылардың толық тізімі жарияланды.

    Кейін Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапқаны белгілі болып, олардың тізімі жарияланды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқан.

    Сонымен қатар тасымалдаушы компания қаза тапқандардың отбасына қандай өтемақы берілетінін мәлім етті.

    Бұл ретте вице-министрі Қанат Бозымбаев тергеу аяқталмайынша, қандай да бір ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмайтынын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.