Зектілері

Германия президенті бундестагты таратып, мерзімінен бұрын сайлау уақытын белгіледі

Жарияланған күні:

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер
Франк-Вальтер Штайнмайер. Фото: Sören Stache/picture alliance via Getty Images

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бундестагты таратып, мерзімінен бұрын сайлау уақытын 2025 жылы 23 ақпанға белгіледі. Осының алдында парламент Олаф Шольц үкіметіне сенімсіздік танытқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РБК" сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Дәл қазіргідей қиын заманда тұрақтылық сақтау үшін тиімді үкімет пен оны қолдайтын сенімді көпшілік керек. Сол себепті жаңа сайлау өткізу қажет деп есептеймін. Бұл елімізді өркендететін тиімді жол", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы 27 желтоқсанда Бельвю сарайында. Президент үндеуін Tagesschau басылымы таратты.

Штайнмайер бундестагты тарату жөніде шешім дайындалып жатқанын 20 желтоқсанда жариялаған. Себебі ол ГФР үкіметін қолдайтын парламенттің пайда болғанын қалайды.

Естеріңізге сала кетейік, бундестаг 16 желтоқсандағы кезектен тыс отырысында Олаф Шольц үкіметіне сенімсіздік білдірген. Сол кезде 394 депутат парламенттің таратылуы мен жаңа сайлау өткізуді қолдап дауыс берген. 207 депутат Шольц кеңсесін қолдаса, 116 депутат қалыс қалған.

Парламентке сенімсіздік вотумын жариялау жөніндегі хатты 11 желтоқсанда Шольцтың өзі жолдаған. Канцлердің осындай шешім қабылдауына 2025 жылғы бюджетті талқылау кезіндегі жанжал себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2206076-germaniia-prezidenti-bundestagty-taratyp-merziminen-buryn-sailau-belgiledi/