jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Зеленский Әзербайжан президентімен ұшақ апаты жөнінде сөйлескенін хабарлады

Украина президенті Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Christian Marquardt/NurPhoto/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Ильхам Әлиевпен телефон арқылы Ақтаудағы ұшақ апаты жөнінде сөйлескенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Украина президентінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Владимир Зеленскийдің Telegram-дағы арнасында Украина президентінің Ильхам Әлиевпен сөйлескені және оған Ақтау маңында болған қайғылы жайтқа байланысты көңіл айтқаны туралы хабарлама жарияланды. Хабарламада екі ел басшылары ұшқыштардың ерлік істерін атап өткені айтылған.

"Қазіргі негізгі басымдық – шын мәнінде не болғаны жөнінде барлық сұраққа жауап беретіндей мұқият тергеу жүргізу. Ресей айқын түсініктеме беріп, жалған ақпараттың таралуын тоқтатуы керек. Фотосуреттер мен видеолардан ұшақтың фюзеляжы зақымданғаны анық көрінеді.

Біз бұл жағдайда Әзербайжанды барлық қажет құралмен қолдаймыз және басқа елдерді де көмек көрсетуге шақырамыз. Бұдан бөлек біз жақын арада екіжақты байланыстарды жандандыруға келістік", - деп жазды Зеленский.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, РФ әуе кеңістігінде болған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрағанын жазған едік. Сондай-ақ Кремль таратқан ақпараттан Ресей Тергеу комитеті осы факт бойынша қылмыстық іс қозғағаны мәлім болды.

Артынша Әзербайжан президентінің ресми сайтында Ильхам Әлиев пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені туралы мәлімет жарияланды. Ильхам Әлиев Владимир Путинмен әңгімелесу барысында Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ сыртқы соққыға тап болғанын айтқан.

Зеленский Әзербайжан президентімен ұшақ апаты жөнінде сөйлескенін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.