АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер өмірден өтті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер жексенбі, 29 желтоқсанда Джорджиядағы үйінде қайтыс болды. Джимми Картер 100 жасында өмірден озды, деп хабарлайды The Washingtin Post басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Картердің қайтыс болғанын ұлы кіші Джеймс Картер хабарлады.
Өлімнің нақты себебі белгісіз, дегенмен басылымның жазуынша, соңғы жылдары АҚШ-тың бұрынғы басшысы меланоманың агрессивті түрі – тері қатерлі ісігінен емделген. 2023 жылы емді тоқтатып, қалған уақытын үйде хоспис қарауында өткізетіні хабарланған еді.
1 қазанда Картер көпшілік алдында соңғы рет шыққан. Сол кезде ол отбасымен және достарымен 100 жасқа толуына орай авиациялық шоуды тамашалаған еді.
Джимми Картердің артында төрт баласы, 11 немере және 14 шөбересі қалды.
Джимми Картер шағын қалада дүниеге келген. Ол 1971 жылдан 1975 жылға дейін Джорджия губернаторы болды және 1977 жылдан 1981 жылға дейін АҚШ президенті қызметін атқарды.
РБК хабарлауынша, БАҚ Картерді өз заманының "саяси сенсациясы" деп атады, ол билікте болған төрт жыл ішінде Ричард Никсонның отставкаға кетуіне әкелген Вьетнам соғысы мен Уотергейт жанжалынан кейін үкіметке деген сенімді қалпына келтіруге тырысқанын атап өтті.
Бұрынғы президенттің сыртқы саясатындағы жетістіктердің бірі – Израиль мен Египет арасындағы бес соғыстың алдында Таяу Шығыстағы реттеу туралы Кэмп-Дэвид келісімі.
Сонымен қатар ол президент болған жылдары Америка экономикасы құлдырап, елде жұмыссыздық пен инфляция жоғары болғаны атап өтіледі.
1981 жылы Картер қызметінен кетті.
Отставкаға кеткеннен кейін Картер қайырымдылық шараларымен және гуманитарлық жобалармен айналысты, ал 2002 жылы "халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге, демократия мен адам құқықтарын ілгерілетуге, экономикалық және әлеуметтік дамуды ынталандыруға бағытталған тынымсыз еңбегі" үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2206554-aqsh-tyng-buryngy-prezidenti-dzhimmi-karter-omirden-otti/