Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль әуекомпаниясы Мәскеуге ұшуды үш айға тоқтатты

Жарияланған күні:

El Al әуе компаниясының ұшағы
El Al әуе компаниясының ұшағы. Фото: Urbanandsport/NurPhoto via Getty Images

Израильдің El Al әуекомпаниясы Ресей астанасына қатынауды наурыздың аяғына дейін тоқтатты. Компанияның осындай шешім қабылдауына AZAL ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауы себеп болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РБК" сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

El Al әуекомпаниясы Тель-Авивтен Мәскеуге қатынауды наурыздың аяғына дейін тоқтатқаны туралы мәліметті жергілікті Times of Israel таратқан.

"Жағдайды жан-жақты саралағаннан кейін, El Al Тель-Авив-Мәскеу бағытындағы операциялардың бәрін қысқы кестенің аяғына дейін тоқтатты. Мұндай шешім ел билігімен ақылдаса келе қабылданды", - деп хабарлады басылым.

Осының алдында, 26 желтоқсанда, израильдік әуекомпания Ресейге ұшуды бір аптаға тоқтатқан.

Осылайша, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан кейін, кем дегенде төрт елдің әуекомпаниясы Ресей қалаларына әуе қатынасын шектеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Azerbaijan Airlines Ресейдің 10 қаласына қатынауды тоқтатты. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев осындай тапсырманы өзі бергенін мәлімдеді.

Сонымен бірге, Qazaq Air әуекомпаниясы да қаңтардың аяғына дейін Астана – Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатқанын жариялаған.

"Түркімен әуе желісі" әуе компаниясы да Ашхабат – Мәскеу бағытына қатынауды 2025 жылдың ақпанына дейін доғарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2206827-izrail-auekompaniiasy-maskeuge-ushudy-ush-aiga-toqtatty/