Елшілік қазақстандықтарға Ресейде болуға қатысты жаңа ереже күшіне енетінін ескертті
Жарияланған күні:
Читать на русском2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктердің Ресейде болуына қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Оған сәйкес шетелдіктердің Ресей аумағында болу мерзімі 90 күнге дейін қысқарады, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Елшілік мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 8 тамыздағы №260-ФЗ Федералдық заңына сәйкес Ресей федерациясына кіретін шетелдік азаматтардың уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енеді.
Шетелдіктердің Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 90 күнге дейін қысқартылды (бұрын олардың Ресей аумағында болу уақыты 180 күн ішінде 90 күннен аспауға тиіс еді).
Ресей Федерациясының аумағында оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтар жылына 90 күннен астам уақыт бола алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2207360-elshilik-qazaqstandyqtarga-reseide-boluga-qatysty-zhanga-erezhe-kushine-enetinin-eskertti/