jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елшілік қазақстандықтарға Ресейде болуға қатысты жаңа ереже күшіне енетінін ескертті

Қазақстан паспорты
Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктердің Ресейде болуына қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Оған сәйкес шетелдіктердің Ресей аумағында болу мерзімі 90 күнге дейін қысқарады, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елшілік мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 8 тамыздағы №260-ФЗ Федералдық заңына сәйкес Ресей федерациясына кіретін шетелдік азаматтардың уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енеді.

Шетелдіктердің Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 90 күнге дейін қысқартылды (бұрын олардың  Ресей аумағында болу уақыты 180 күн ішінде 90 күннен аспауға тиіс еді).

Ресей Федерациясының аумағында оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтар жылына 90 күннен астам уақыт бола алады.

Елшілік қазақстандықтарға Ресейде болуға қатысты жаңа ереже күшіне енетінін ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.