jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

Нью-Йорк тұрғындары көлік кептелісі аумағына кіргені үшін ақша төлейтін болды

Нью-Йорк. Көрнекі сурет
Нью-Йорк. Көрнекі сурет: pixabay.com

5 қаңтардан бастап Нью-Йорктің ең тығыз орналасқан ауданы – Манхэттенге көлік кептелісі күшейген уақытта жеңіл автокөлікпен кіргендерден 9 доллар ақы алынады. Билік осы әрекеті арқылы жолды тәулігіне 80 мың автокөліктен босатуды көздейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC-дің Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Нью-Йорктің автокөлігі көп аудандарына кіру ақысы уақыт пен көлік түріне қарай есептеледі. Түнде 2,25 доллардан басталып, ал көлік кептелісі көп болатын күндіз 9 долларға дейін көтеріледі. Қала билігі осы тарифті 2028 жылға дейін ұстап тұруды көздеп отыр, одан кейін ақы тағы өседі.

"Жолдарды кептелістен арылту аймағына Манхэттеннен оңтүстікке қарай 60-көшеден басталады. Оған Эмпайр-стейт-билдинг, Таймс-сквер және Уолл-стрит те кіреді".

Мұндай қадам Нью-Йорк қаласын жолдардағы кептелістерден арылту мақсатында қабылданған. Тағы бір мақсат – жиналған ақшаға қоғамдық көлік жүйесін дамыту.

Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул қаланың көлік көп жүретін аудандарына кіруге ақы енгізуді екі жыл бұрын ұсынған.

Мұндай ережеге қала таксишілері қауымдастығы мен АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп қарсы шығып отыр. Трамп қайта президент болған уақытта мұндай жүйені алып тастауға уәде берген.

INRIX компаниясының мәліметінше, Нью-Йорк қаласы әлемде жолдары кептеліске толы мегаполистер тізімінде екі жыл қатарынан бірінші орын алған.

Нью-Йорк тұрғындары көлік кептелісі аумағына кіргені үшін ақша төлейтін болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.