jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Әлемнің ең қарт адамы саналған әжей қайтыс болды

Тоқып отырған әже
Қария. Көрнекі фото: piqsels.com

Жапон Томико Итооко қайтыс болған соң, бразилиялық монах әйел Ина Канабарро Лукас әлемнің ең қарт адамы деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Гиннестің рекордтар кітабына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Гиннестің рекордтар кітабы сайтында осыған дейін әлемнің ең қарт адамы деп есептелген Томико Итооко қайтыс болғаны жарияланды. Кейуана 116 жасында көз жұмды.

Бүгін Кітап сайты жаңа рекорд иегерінің есімін атады. Ол – бразилиялық кейуана Ина Канабарро Лукас. Қазір оның жасы 116 жыл және 210 күн. Бұған қоса, ол әлемдегі ең кәрі монах әйел.

Ина Канабарро Лукас 1908 жылғы 8 маусымда туған. Кішкентай кезінде өте арық болған, сол себепті оның ұзақ өмір сүретініне көбісі күмәнданған. 20 жасында Ина монах жолын таңдаған. Бұған қоса, ол португал тілі мен математика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

"Ина 1908 жылы туған көзі тірі соңғы адам. Ол 1900-жылдары туған көзі тірі үш адамның бірі", - деп жазды Рекордтар кітабы.

116 жастағы Томико Итоока былтыр қыркүйек айында әлемнің ең қарт адамы атанған. Сол кезде 117 жастағы Мария Браньяс Морера көз жұмған болатын.

Әлемнің ең қарт адамы саналған әжей қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.