jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Әлемдегі ең қарт адам саналған әйел 117 жасында көз жұмды

Мария Браньяс Морера
Мария Браньяс Морера. Фото: grg-supercentenarians.org

Жер бетіндегі ең қарт адам саналған Мария Браньяс Морера 117 жасында көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл туралы әйелдің жақындары X желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Мария Браньяс өмірден өтті. Ол өзі қалағандай, ұйықтап жатып, сырқатсыз жан тапсырды", - делінген жазбада.

Гиннес рекордтар кітабының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы қаңтарда Мария Браньяс Морера әлемдегі ең қарт әйел екені ресми түрде расталған.

Әжей өзінің ұзақ өмір сүруінің себебін "тәртіп, сабыр, отбасымен және достарымен жақсы қарым-қатынас, табиғатпен қарым-қатынас, эмоционалдық тұрақтылық, уайымдамау, өкінбеу, позитивті болу және нашар адамдармен байланыспау" деп түсіндірген.

Айта кетсек, ол 1907 жылы 4 наурызда АҚШ-тың Калифорния штаты Сан-Франциско қаласында дүниге келген. Техаста және Жаңа Орлеанда тұрған оның отбасы 1915 жылы Каталонияға оралуға шешім қабылдаған.

Мария екі дүниежүзілік соғысты, Испаниядағы азаматтық соғысты және испан тұмауы пандемиясын, 2020 жылы коронавирусты бастан өткерген. COVID-19 жұқтырған кезде ол 113 жаста болған. Дегенмен ол бірнеше күн ішінде сауығып, коронавируспен ауырғаннан кейін аман қалған ең қарт кісі атанған.

Әлемдегі ең қарт адам саналған әйел 117 жасында көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.