
Калифорниядағы өрт: жел қайта күшейді, 150 мың адам эвакуацияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ тарихындағы ең жойқын орман өрттерінің бірі – Калифорниядағы өрт сенбі күнгі желдің салдарынан бағытын өзгертті. 153 мың адамды дереу эвакуациялау қажеттігі туса, тағы 166 мың адамға қауіпсіз жерге кету ескертілген.
Өткен сейсенбіде Лос-Анджелеске жақын маңда өрт шықты. Қазіргі уақытта қалада жалпы ауданы 15 мың гектар болатын бес өрт ошағы қалыптасқан. Тағы үш өрт ошағында өрт оқшауландырылған.
Он мыңдаған адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Өрт салдарынан 12 мың ғимарат қатты зақымданған немесе толығымен қираған.
Бірнеше Голливуд жұлдызы баспанасынан айырылды, соның ішінде Энтони Хопкинс, Пэрис Хилтон және Билли Кристал да бар.
Жексенбі таңертең билік өкілдері 16 адам қаза тапқанын мәлімдеді.
Сенбіде жел күшейіп, салдарынан өрт қаланың жаңа аудандарын шарпи бастады.
Еуропалық орман институтының орман өрті жөніндегі сарапшысы Линдон Пронтонның айтуынша, өрт сөндірушілер өртті бірнеше аптада толық сөндіруі мүмкін.
"Бұл Америка үшін біз көріп отырған өрттің жаңа түрі", - дейді бұрын АҚШ орман қызметінде өрт сөндіруші болып жұмыс істеген Пронто.
Оның айтуынша, Еуропа мұндай өрттермен бұрыннан таныс және олардың барлығының апатты салдары болған.
Төтенше жағдайлар қызметі жағдай әлі де өте қауіпті деп ескертіп отыр.
"Алдағы күндері жел қайта күшейеді", - деді Төтенше жағдайларды басқару бойынша федералды агенттік (FEMA) басшысы Дин Крисвелл.
Билік өкілдері әзірге өрттің шығу себебін айта алмай отыр.
АҚШ-тың Калифорния штатында 7 қаңтардан бастап ірі орман өрті өршіп тұр. Желіде төтенше жағдай болған жерден жантүршігерлік кадрлар пайда болды.
Калифорниядағы орман өртіне байланысты 80 мыңнан астам эвакуацияланғандардың арасында атақты адамдар да бар. Олардың көбі өрттен баспанасынан айырылғанын растады.
Maxar Technologies компаниясы Оңтүстік Калифорнияның орман өртінен зардап шеккен аудандарының спутниктен түсірілген фотоларын жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2210714-los-andzhelestegi-ort-zhel-qaita-kusheidi-150-myng-adam-evakuatsiialanyp-zhatyr/