Зектілері

Калифорнияда өртте қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Калифорниядағы өрт
Калифорниядағы өрт. Фото: David Swanson/AFP via Getty Images

АҚШ-тың Калифорния штатындағы ірі орман өртінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті. Жаңа мәліметті CNN арнасы жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты телеарнаға Лос-Анджелес округінің сот-медициналық сараптама департаменті хабарлаған.

"Калифорнияда орман өрті салдарынан 24 адам қаза тапты. Департамент бұл жағдайларды әлі де зерттеп жатыр", - делінген хабарламада.

Ал ауқымды өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.

Лос-Анджелес полициясының басшысы Джим Макдоннелл журналистерге жергілікті өрт сөндіру бөлімдері, полиция қызметкерлері, "Алкоголь, темекі, атыс қаруы және жарылғыш заттар" федералды бюросы және ФБР өрттің себебін анықтау үшін жұмыс тобының бір бөлігі ретінде бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтты.

Джим Макдоннелл тергеу аяқталған соң оның қорытындысын жариялауға уәде берді.

АҚШ-тың Калифорния штатында 7 қаңтардан бастап ірі орман өрті өршіп тұр. Желіде төтенше жағдай болған жерден жантүршігерлік кадрлар пайда болды.

Калифорниядағы орман өртіне байланысты 80 мыңнан астам эвакуацияланғандардың арасында атақты адамдар да бар. Олардың көбі өрттен баспанасынан айырылғанын растады.

Maxar Technologies компаниясы Оңтүстік Калифорнияның орман өртінен зардап шеккен аудандарының спутниктен түсірілген фотоларын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2210882-kaliforniiada-ortte-qaza-tapqandar-sany-24-ke-zhetti/