Ақтау маңында қаза тапқан бортсерік туралы фильм түсірілмек
Жарияланған күні:
![Ақтаудағы ұшақ апаты Ақтаудағы ұшақ апаты](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/66c72afb8edcb0d8.jpeg)
Әзербайжан желтоқсан айында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортсерігі туралы фильм түсіруге дайындалып жатыр. Бұл туралы Azertag.az сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Әзербайжан кинематографистер одағының хатшысы Зия Шихлинский 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатып апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортсерігі Хокума Алиеваның өмірі туралы деректі фильм түсіруге дайындалып жатыр.
“Бұл оның Әзербайжан әуе жолдарының Embraer 190 ұшағымен болған қайғылы оқиға кезінде өз міндеттерін орындаудағы және жолаушылардың өмірін сақтап қалудағы ерекше кәсібилігін, батылдығы мен жұмысқа адалдығын мойындау”, - делінген материалда.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады.
Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.
Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.
Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.
26 желтоқсанда Euronews агенттігі Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресейдің Грозный үстінен ұшырылған зымыраны себеп болғаны туралы ақпарат жариялады.
Кейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.
28 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, РФ әуе кеңістігінде болған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ Ресей Тергеу комитеті осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғағаны мәлім болды.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында Ақтау маңында AZAL ұшағының апатқа ұшырауының бірқатар себебін атады.
Сонымен қатар 30 желтоқсанда Қазақстан Ақтау маңында құлаған ұшақтың "қара жәшігін" Бразилияға жібергені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2211698-aqtau-mangynda-qaza-tapqan-bortserik-turaly-film-tusirilmek/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.