Газа мен Израиль тұрғындары алдағы уақытта атысты тоқтату шешімін тойлай бастады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Газа секторында тұратын палестиналықтар Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату шешіміне байланысты мерекелік шерулерге көшеге шықты. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Араб тіліндегі БАҚ-қа сілтеме жасаған басылымның жазуынша, Газа көшелерінде тұрғындардың алдағы уақытта атысты тоқтату туралы шешімге қуанып айқайлап, аспанға оқ атып жүргендерін естуге болады.
Бұл ретте израильдік басылымдар шерулерге қатысушылардың кейбірі ХАМАС тобының атын, сондай-ақ Израиль тарабы 2024 жылы 17 қазанда қайтыс болғанын жария еткен қозғалыстың бұрынғы жетекшісі Яхья Синвараның атын атап, айғайлап жатқанын жазып жатыр.
Израиль тұрғындары да бітімгершілік келісімінің жасалуына байланысты қуанышын жасырмады – жүздеген израильдік, соның ішінде кепілге алынғандардың отбасылары атысты тоқтату туралы шешімді Тель-Авив көшелерінде тойлатып жүр.
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс 2023 жылдың 7 қазанында палестиналық содырлар шекарадан өтіп, Израильдің оңтүстігіндегі елді мекендерге шабуыл жасап, жүздеген бейбіт тұрғынды өлтіріп, 250-ге жуық адамды кепілге алған кезден бері жалғасып келеді.
Израиль жауап ретінде Газа секторында әскери операцияларды бастап кетті. Екі тарап та соғыс жүргізу дәстүрін бұзды және бейбіт тұрғындардың өліміне әкеп соқтырған әрекеттерге барды деп айыпталды.
Еске салсақ, бұған дейін Газада атысты тоқтату туралы келісімді орындау 19 қаңтарда күшіне енетіні туралы жазған едік. Бұл туралы Қатар премьер-министрі Мұхаммед әл-Тани баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2212080-gaza-men-izrail-turgyndary-aldagy-uaqytta-atysty-toqtatu-sheshimin-toilai-bastady-video/