Газаны атқылау қайта жалғасты: Израиль министрлер кабинеті атысты тоқтату туралы келісімді кейінге шегерді
Жарияланған күні:

Израиль премьер-министрі Нетаньяху кеңсесіндегілер министрлер кабинеті өзара келісімге келу туралы шешімді мақұлдау алмайтынын мәлімдеді. Олар ХАМАС бірқатар тармақтан бас тартқанын айтып отыр. Ал аталған келісім Израильдің келісімінсіз күшіне енбейді, деп хабарлайды BBC-дің Орыс қызметі.
Басылымның хабарлауынша, "Моссада" директоры Давид Барнеа бастаған Израиль делегациясы қазіргі таңда Дохажа және делдалдармен бірге келісімнің егжей-тегжейін талқылап жатыр. Аталған делегацияның мақұлдауынсыз бейбіт келісімге келу туралы шешім күшіне енбейді.
Израиль тарабы ХАМАС-ты нақты қандай тармақтардан бас тартқаны үшін айыптап отырғанын ашық айтқан жоқ.
Келісім мақұлданғанын сәрсенбі күні кешке белгілі болды. Ол туралы келіссөздердің негізгі делдалдары болған Қатар мен АҚШ өкілдері мәлімдеген.
Алайда Израиль тарабы Вашингтонның қысымына қарамастан ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, осылайша Израиль халықаралық делдалдардың ынтасы бос әурешілік екенін ұғындырды.
"Би-би-си"- дің Иерусалимдегі дереккөздері министрлер арасындағы ресми емес кеңес берулер түнде басталып кеткенін хабарлаған. Атысты тоқтату туралы келісімге қаржы министрі Бецалель Смотрич мен ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир қарсы.
Израиль болса, бейсенбіге қараған түні Газа секторын атқылауды жалғастырып жатыр. Ондаған адамның қаза тапқаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2212367-gazany-atqylau-qaita-zhalgasty-izrail-ministrler-kabineti-atysty-toqtatu-turaly-kelisimdi-keiinge-shegerdi/