jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамп АҚШ-ты ДДСҰ-дан шығару туралы жарлыққа қол қойды

Женевадағы ДДСҰ ғимараты
Женевадағы ДДСҰ ғимараты. Фото: Kyodo News / Getty Images

Дональд Трамп инаугурациядан кейін АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарнаның хабарлауынша, АҚШ-тың ДДСҰ-дан шығуы Трамп президенттігінің алғашқы күнінде-ақ БҰҰ-мен байланысты үзу жолындағы маңызды қадам болады.

Жарлықта АҚШ-тың ұйымнан шығуының себептері ретінде ұйымның "COVID-19 пандемиясына және денсаулық сақтаудың басқа да жаһандық дағдарыстарына қатысты дұрыс әрекет етпеуі, шұғыл қажет реформаларды жүзеге асыру қолынан келмегендігі және ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің заңсыз саяси ықпалынан тәуелсіздігін көрсете алмағандығы" келтірілген.

"Бұл маңызды мәселе", - деді Трамп көмекшісіне жарлыққа қол қойған сәтінде. Ол АҚШ ұйымға басқа елдермен салыстырғанда тым көп ақша төлейді деп санайтынын жасырмады.

Сондай-ақ шешімде ДДСҰ "АҚШ-тан әділетсіз әрі салмақ түсіретін төлемдерді талап етуді жалғастырып жатыр" делінген.

Телеарна түсініктеме алу үшін ДДСҰ-ға хабарласты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өз ресми сайтында атап өткендей, барлық адамның әл-ауқатын сақтауға ұмтылады және ғылымның жетістіктерін басшылыққа ала отырып, әрбір адамға, барлық жерде, қауіпсіз әрі салауатты өмір сүруге тең мүмкіндік беру үшін жаһандық күш-жігерді бағыттайды және шабыттандырады.

Ол 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі ретінде құрылған.

Айта кетейік, ДДСҰ қаржыландыруды екі негізгі көзден алады: мүше мемлекеттер төлейтін есептелген жарналар (елдің мүшелік жарналары) және мүше мемлекеттер мен басқа серіктестер төлейтін ерікті жарналар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram