Трампты алғашқы жұмыс күнінде-ақ сотқа бергендер табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімінен кейін қабылданған жарлықтарға байланысты бірнеше ұйым сотқа берді, деп хабарлайды Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Трампқа қарсы алғашқы сот арызын АҚШ-тың 37 агенттігі мен департаментінің мемлекеттік қызметкерлерінен тұратын Ұлттық қазынашылық кәсіподақ берді.
Ұйым Трамптың жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығару процесін жеңілдету туралы жарлығы заң шығарушылардың ниеттеріне қайшы келеді, өйткені АҚШ Конгресі федералды мансап қызметкерлері үшін "тиісті процесс құқықтарын" белгіледі деп санайды.
"Жарлық жұмыстан шығарылған қызметкерлердің жаңа санатына жататындардың және шағымдану құқығынсыз жұмыстан шығарылу қаупі бар қызметкерлердің саны мен түрін айтарлықтай ұлғайту арқылы мемлекеттік қызметті түбегейлі өзгертеді", - делінген арызда.
Ақ үй бұған жауап ретінде бұл арызды "демократтар бергенін" және "Трамп әкімшілігі оларға сотта қарсы тұруға дайын" екенін алға тартты.
Сотқа тағы бір арыз АҚШ азаматтығын онда туылған жағдайда беру құқын тоқтататын жарлыққа қатысты берілді. Оны Америкалық азаматтық бостандықтар одағы, NAACP, State Democracy Defenders Fund және Азиялық заң кеңесі берді.
Үшінші арызды, РБК жазғандай, National Security Counselors заң фирмасы дайындаған. Жаңа әкімшілікке қарсы арызда кәсіпкер Илон Маск пен республикалық Вивек Рамасвами басқаратын АҚШ үкіметінің тиімділігі департаментін (DOGE) құру мүдделер қақтығысын тексеруді, идеологиялық тепе-теңдікті және Ақ үймен байланысты бөлімшелер үшін ашықтық ережелерін талап ететін 1972 жылғы АҚШ заңын бұзатыны айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2213898-trampty-algashqy-zhumys-kuninde-aq-sotqa-bergender-tabyldy/