Түркияда үш қабатты тұрғын үй құлады: үйінді астында адамдар бар (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркияның Конья провинциясында 24 қаңтарда үш қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Үй қирандыларының астында бірнеше адам болуы мүмкін. Бүгінде іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр.
Yeni Şafak газетінің хабарлауынша, ғимарат Сельчуклу ауданында құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар, полиция және бірнеше жедел жәрдем көлігі жіберілді.
Провинция губернаторы Ибрагим Акынның айтуынша, үй қирандыларының астында бірнеше адам болуы мүмкін. Құтқарушылар қазірдің өзінде екеуін аман алып шықты.
TRT Haber телеарнасы губернатордың сөзіне сілтеме жасап, бес адамның үйінді астында қалғанын жазды. Бүгінде құтқарушылар оларды іздестіріп жатыр.
Ғимараттың құлау себебі әлі анықталған жоқ, тек ескі болғаны айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2215058-turkiiada-ush-qabatty-turgyn-ui-qulady-uiindi-astynda-adamdar-bar-video/