АҚШ әуежайында ұшақтар соқтығысты: кемінде бір адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ-та тағы да ұшақ апаты болды - Аризона штатындағы Скоттсдейл әуежайында екі ұшақ соқтығысты. Кем дегенде бір адам қаза тапты деп хабарлайды ABC News арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
АҚШ федералдық авиация әкімшілігі басқармасының деректеріне сілтеме жасаған телеарна мәліметіне сәйкес, Bombardier Learjet 35A ұшағы Скоттсдейл әуежайына қонғаннан кейін ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жеке меншік аумақта тұрған Gulfstream 2100 бизнес-джетке соқтығысқан.
Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Скоттсдейл әуежайының мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 14:45 шамасында болған.
Өрт сөндіру қызметі журналистерге төтенше жағдайдың салдарынан ұшақтардың бірінде бір адам шыға алмай, іште қалып қойғанын хабарлады.
"Біз борттағы жалғыз адамды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", - деді құтқарушылар.
АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) басқармасы оқиғаны тексеретінін мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Филадельфия қаласында бортында алты адамы бар медициналық ұшақ сауда орталығының маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақ құлаған жерде алапат өрт шығып, көліктер мен үйлерді шарпыған.
Сондай-ақ Вашингтон маңында ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Оның бортында спортшылар мен жаттықтырушылар болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2219634-aqsh-auezhaiynda-ushaqtar-soqtygysty-keminde-bir-adam-qaza-tapty-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.